Нұрислам Санаевты бір топ жерлесі әуежайдан күтіп алып, көлік сыйлады

9 Тамыз 2021, 19:41
4724
Бөлісу:
Нұрислам Санаевты бір топ жерлесі әуежайдан күтіп алып, көлік сыйлады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Токио Олимпиадасының жүлдегері, балуан Нұрислам Санаевты бір топ отандасымыз Алматы әуежайынан салтанатпен күтіп алып, BMW автокөлігін сыйлады.

Балуанға жаңа автокөлікті депутат Бекболат Тілеухан кәсіпкер інілерімен бірге алып беріпті. Әуежайдан спортшыны күтіп алғандар қатарында Мұхамеджан Тазабек, ақын Мейіржан Әлібек және актер Асылхан Төлепов болды.

Нұрислам Санаевты бір топ жерлесі әуежайдан күтіп алып, көлік сыйлады

Нұрислам Санаев сөз арасында Қазақстан халқының қолдауының арқасында жеңіске жеткенін айтты.

Құттықтауларыңызға рахмет! Жапониядағы Олимпиада ойындарынан аман-есен қайтып келдік. Олимпиадаға алтын аламын деген жақсы оймен бардық, бірақ Алланың қалауымен қола медаль алдым. Бұйырса, Парижде қазақ елінің Көк туын желбіретіп, алтын медаль аламын деген ойдамын. Бұл жеңіс менің ғана емес, қазақ елінің жеңісі. Жарыс кезінде халықтың қолдауын сезіндім және одан қанаттана түстім, - деді балуан.

Алматыға Санаевпен бірге Токиода өнер көрсеткен өзге спортшылар да ұшып келген.

Нұрислам Санаевты бір топ жерлесі әуежайдан күтіп алып, көлік сыйлады

Айта кетсек, Нұрислам Санаев Токио Олимпиадасында еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп, қола медальді ұтып алған болатын.

Өзгелердің жаңалығы