Нұрділда Ораз бір аптада қандай қылмыс жасалғанын айтты

24 Мамыр 2021, 11:24
2736
Бөлісу:
Нұрділда Ораз бір аптада қандай қылмыс жасалғанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділда Ораз министрліктің Youtube арнасында тікелей эфирде өтетін брифингінде елімізде бір апта ішінде жасалған қылмыстар туралы айтты.

Ол алдымен елдегі криминогендік жағдай туралы баяндап берді.

Бір апта ішінде 3 306 қылмыс жасалды. Оның 2 272-сі тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері ізін суытпай 9 кісі өлтіру, 4 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 2 қарақшылық, 40 тонау және 558 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, - деп түсіндірді ресми өкіл.

Еске сала кетейік, өткен аптада брифингте Нұрділда Ораз Қазақстанда қару сататын дүкендер тексеріле бастағанын айтқан болатын.

Оның сөзінше, «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында қару мен оқ-дәрілерді сату заңдылығына, оларды қару дүкендерінде, сондай-ақ атыс қаруының иелері болып табылатын заңды және жеке тұлғаларды қауіпсіз сақтау жағдайларына тексеру басталып кетті.

Одан бөлек, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттау фактілерін, оның ішінде жастар форумдары мен пабликтерде анықтау және ден қою үшін интернет-кеңістікке тұрақты мониторинг жүргізіледі.

Өзгелердің жаңалығы