Астана, Тәуелсіздік сарайы. BAQ.KZ тілшілері Қымбат Елтайқызы, Рахиля Бекназарқызы. Бүгін, 27 ақпан күні сағат 11:00-де «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі басталады. Оған Қазақстан Республикасының Президенті, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады.
14:00-де аяқталды
13.55. «Нұр Отан» партиясының кезекті Съезінен 200-ден астам журналист ақпарат таратты.

13.49. Нұрсұлтан Назарбаев Съезд жұмысын қорытындылауға кірісті.
13.48. "Нұр Отан" саяси кеңес бюросының мүшелері сайланды. Оған Саяси кеңес мүшелері ғана дауыс берді.
13.32. Съезде партияның латын қарпіндегі жаңа логотипі көрсетілді. Логотиптегі атауды партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев өз қолымен жазған. Күндегі 17 шапақ біздің 14 облыс пен маңызы ерекше 3 қаламызды білдіреді.



13.23. Партияның атауын латынша жазу ұсынылды. Съезде партияның латын қарпіндегі жаңа логотипі көрсетілді.

13.16. "Жас Отан" жастар қанатының Ақтөбе облысы филиалының төрағасы Қасымжан Үкітай сөз алды.

13.10. "Қазақмыс" ЖШС кәсіпорнының директоры Мұрат Ерболатұлы Бөрібаев сөйледі.

13:02. Назарбаев "Стем" академиясының басшысына: Өмірзақ Шөкеев оқуға барғанда бір сөз орысша білмепті. Бүгінде жаңа облысты басқарып отыр.

12.56. "Стем" академиясының негізін қалаушы Әбутәліп Мутәлі сөйлеп жатыр.


12.43. Халықаралық Түркі академиясының президенті, «Егемен Қазақстан республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі сөз сөйлеп жатыр.



12.10. Съезде Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов сөз сөйлеп жатыр. Ол Парламент жұмысы жайлы баяндауда.

11.59. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек сөз сөйлеп жатыр. Ол партияның жаңа бағдарламасының халыққа пайдасы зор екенін айтты.

11.52. Назарбаев: «Алға «Нұр Отан» - Алға, Қазақстан!».
11.24. Назарбаев: Көпбалалы отбасыларды қолдау шараларын күшейту керек. Бүгінде елімізде 340 мыңға жуық отбасында 4 баладан артық бала бар. Жыл сайын көпбалалы отбасыларға 500 млрд теңгеден артық бөлінеді. Бұл отбасылардың кірісі әртүрлі деңгейде. Оларға көмек көрсетуде табыс деңгейіне қарау керек. Көп кіріс кіретін отбасылар мен айлығы төмен отбасыларға мемлекет бірдей көмек көрсетпей, ең алдымен, мемлекет табысы төмен көпбалалы отбасыларға мән беру керек.

1 мақсат: ӘРБІР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОТБАСЫНЫҢ БАҚУАТТЫЛЫҒЫ
2 мақсат: ӘРБІР АДАМ ҮШІН ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛАШАҚ БІЛІМІ
3 мақсат: САЛАМАТТЫ АДАМДАРДЫҢ ҚУАТТЫ ҰЛТЫ
4 мақсат: ИНКЛЮЗИВТІ ЭКОНОМИКА
5 мақсат: ДАМЫҒАН БИЗНЕС, ҚОҒАМНЫҢ БАҚУАТТЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ
6 мақсат: АЗАМАТТАРДЫҢ ЖАЙЛЫ ӨМІР СҮРУІ ҮШІН ЖАҒДАЙ ЖАСАУ
7 мақсат: АЗАМАТТАРДЫҢ МҮДДЕСІН БІЛДІРЕТІН ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТ
8 мақсат: ЖАУАПТЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ҮЙЛЕСІМДІ ҚОҒАМЫ
9 мақсат: ЖАСТАР – ЗОР МҮМКІНДІКТЕРГЕ ИЕ ҰРПАҚ
10 мақсат: «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ САЯСИ КӨШБАСШЫЛЫҒЫ
«Бірінші бастама – кадрлық резервке қатысты. Екінші – жергілікті және Мәжіліс депутаттарына сайланатын кандидаттарды партиялық тізіммен ұсыну. Үшінші – әлеуметтік мәселе. Осы мәселелердің барлығын қамтиды. Партия ел экономикасының дамуына аса мән береді. Алдағы онжылдықта да үлкен жұмыстар атқарылады деп күтілуде. Жаһандану заманына қатысты да үлкен талаптар бар» - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Камал Қуанжан 10 мақсаттың 3 негізгі бастамасын айтып берді.
Айта кетейік, күні кеше панельдік сессиялар кезінде «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасы қабылданған болатын.

«2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өсуіне байланысты партия жарнасының пайыздық мөлшері 1%-тен 0,7% төмендеп отыр. Елбасы еліміздің әлеуметтік мәселелеріне үлкен көңіл бөледі. Партия әр уақытта ол мәселелерден тыс қалмайды. Оны жүзеге асыруға бар күш-жігерін жұмсайды» – Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Камал Қуанжан.

«Съезге үлкен дайындықпен келдік. Оның үстіне, біздің партияның 20 жылдығы. 20 жылда Тәуелсіз Қазақстан шежіресі партиямен бірге үндесіп келе жатыр. Съезден партия мүшелері ғана емес, бүкіл Қазақстан жаңалықтар, жаңа реформа күтеді. Елбасымыз кеше Үкімет отставкаға кетердің алдында Нұр Отанның съезінде «жаңадан жасақталған Үкіметке нақты тапсырмалар беріледі» деді. Еліміз әлеуметтік салада жаңа өзгерістер күтіп отыр. Мемлекет басшысы айтқандай, елімізде халықтың әлеуметтік сапасын жақсартуға бағытталған бағдарламалар көп. Тек оның орындалуында кемшіліктер бар. Бізге жаңадан велосипед ойлап шығарудың, «Американы» ашудың керегі жоқ. Бар дүниені, берілген тапсырманы дұрыстап орындау керек».
Біздің партия бақылаушы орган болғандықтан, Шымкентте алғаш рет «Ашық әкімдік» ашылды. Әкімнің кабинетінде отырып емес, төменге бірінші қабатқа түсіп, ашық терезе арқылы тұрғындармен әңгімелеседі. Оларды кабинетте қабылдауы бір бөлек, бұл – басқа. Әр жұма күні әкімдіктің сайты арқылы тіркелген тұрғындар проблемасын қала басшысына тікелей айта алады».
«Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған кезекті съезде партияның 2030 жылға дейінгі жаңа Бағдарламасы талқыланады. Алдағы онжылдыққа ұсынылған партияның бұл бағдарламасы Елбасының елімізді жан-жақты жаңғыртуға арналған бағытын жалғастыруды және қойылған барлық мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған» - Орал қалалық мәслихатының хатшысы, «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінің делегаты Аққали Әубекеров.
Бүгінгі съезде партияның 2030 жылға дейінгі бағдарламасы талқыланып, партия саяси кеңесінің құрамы жаңартылады. Съезге 2 000 адам қатысады.
