Нұрбек Дайырбеков Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды

19 Мамыр 2021, 19:47
1233
Бөлісу:
Нұрбек Дайырбеков Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметінің қаулысымен Нұрбек Слямханұлы Дайырбеков берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады. 

Нұрбек Дайырбеков 1973 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Ленин комсомолы атындағы Новосибирск мемлекеттік университетін, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау инстиутын тәмамдаған. 

Еңбек жолын 1994 жылы бастаған. Әр жылдары коммерциялық сектор мен мемлекеттік құрылымдарда жұмыс істеген. 

2019 жылғы сәуірден қарашаға дейін - «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ басқарушы директоры. 

2019 жылғы қарашадан бастап қазірге дейін ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып жұмыс істеді.

Өзгелердің жаңалығы