Нұра ауданында өнер үйі ашылады

19 Қаңтар 2024, 22:48
98
Бөлісу:
Нұра ауданында өнер үйі ашылады
Фото: baq.kz

Нұра ауданында биыл 100 орындық Өнер үйінің құрылысы басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өнер үйінде балалар мен жастарға арналған шығармашылық үйірмелер ашу жоспарлануда.

Ауданды одан әрі дамытудың басымдықтары айқындалды. "Ауыл – Ел бесігі" арнайы жобасы бойынша Нұра кентінде 100 орындық Өнер үйін салу жоспарлануда. Сондай-ақ, осы жоба бойынша Ізенді мен Ақмешітте ауылішілік жолдарды орташа жөндеу жоспарланған, - деді аудан әкімі Бақытжан Мұқанов.

Аудан орталығында 600 орындық жайлы мектеп салынады. Сондай-ақ, ауданда үш ауылдық мектеп жөнделеді, бес оқу орнында қазандықтарды сыртқа шығару жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы