Нұр-Сұлтандық жүзушілер Паралимпиадалық ойындарда 20-ға жуық медаль олжалады

20 Тамыз 2019, 14:32
2000
Бөлісу:
Нұр-Сұлтандық жүзушілер Паралимпиадалық ойындарда 20-ға жуық медаль олжалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде V Қазақстан Республикасының Паралимпиадалық ойындары аясында жүзуден жарыстар мәресіне жетті.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, Мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебі» КММ спортшылары дүбірлі додада 19 медаль еншіледі, оның ішінде 10 алтын, 3 күміс және 6 қола медаль бар. 

2018 жылғы Азия Пара ойындарының чемпионы Сиязбек Далиев құрама қоржынына 3 алтын, Ерлан Елдекенов 3 алтын, Надежда Ли екі алтын және бір күміс, Жәнібектархан Бексұлтан бір алтын, бір күміс, бір қола, Николай Паленис қола, Диана Сутпаева бір алтын және бір күміс, Адлан Ибрагимов екі қола медаль салды. Нұр-Сұлтан қаласының спортшылары жалпыкомандалық есепте Қарағанды мен Шымкент командаларына есе жіберіп, үшінші орынға табан тіреді.

Паралимпиадалық ойындар төрт жылда бір рет өтеді, онда бүкіл Қазақстаннан жиналған мүмкіндігі шектеулі жандар бақ сынайды. Биыл қатысушылардың жалпы саны 200 адамнан асты. 

Ойындардың ресми ашылуы 12 қыркүйекке белгіленген. Спортшылар пара пауэрлифтинг, жеңіл атлетика, отырып волейбол ойнау, үстел теннисі, пара дзюдо және оқ ату сынды жарыстарда күш сынасады. Лондонда жүзуден Әлем чемпионатының өткізілуіне байланысты осы спорт түрінен еліміздегі жарысты тамыз айында ұйымдастырылды. Жүзуден елордалық құрама команданы ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Владимир Загородний дайындады.

Өзгелердің жаңалығы