Нұр-Сұлтандық мүгедектігі бар адамдарға арналған бірегей құрылғыға патент алды

11 Желтоқсан 2020, 13:16
1618
Бөлісу:
Нұр-Сұлтандық мүгедектігі бар адамдарға арналған бірегей құрылғыға патент алды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Құрастырушы Ардақ Оторбаев ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмірін едәуір жеңілдететін құрылғы жасап шығарды. Бұл мүгедектер арбасының дөңгелектерін механикалық жуу құрылғысы. Оның әлемде баламасы жоқ.

Ардақ Оторбаев өнертабысқа патент алуға арналған құжаттар пакетін 2020 жылдың басында берген. Командамен бірге ол барлық шартты орындап, қажетті құжаттарды ұсынды. Нәтижесінде Ұлттық зияткерлік меншік институты өнертапқышқа патент берді.

Біздің еліміздің климаты күрт континенталды - жаңбыр, қар жауады, сосын ериді, жел соғады. Мұның бәрі мүгедектер арбасын пайдаланушыларға қолайсыздық туғызады, өйткені дөңгелектері тез ластанып, балшық дақтары қалады.

Мүгедектер арбасының дөңгелектерін механикалық жуу доңғалақтарды кірден тазалау уақытын қысқартады және арбаны пайдаланушының қолы былғанбайды. Сонымен қатар, қосымша күш-жігерді қажет етпегендіктен және ыңғайсыздық туындамағандықтан адамның психологиялық жағдайы жақсарады. 

Мұндай жабдықты әлеуметтік және медициналық мекемелерде, спорт кешендерінде, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында және басқа да қоғамдық орындарда орнату ұсынылады.

Ардақ Оторбаев мүгедектігі бар жан, сондықтан ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмір сүру жағдайларын жақсарту қаншалықты маңызды екенін басқалардан артық түсінеді. Өзі жоғары білімді, арбамен спорттық би билеуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Әлем чемпионаттары мен Параазиядалық ойындардың бірнеше дүркін жүлдегері, Қазақстан паралимпиадалық құрамасының мүшесі. 

инк2.jpeg

Қазір ол «ДОС» тәуелсіз өмір» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры болып жұмыс істейді. Мүгедектер арбасындағы адамдардың өмірін неғұрлым ыңғайлы және тәуелсіз ету үшін жаңа пайдалы модельдер ойлап тапқан конструкторлық бюроны басқарады. 

Сонымен қатар Ардақ үш баланы тәрбиелеп отыр. 

Мен үшін арба – бұл менің арманымды жүзеге асыратын, жұмыс істейтін, балаларды тәрбиелейтін, спортпен айналысатын, өз сезімдерім мен ойларымды білдіретін, бір сөзбен айтқанда, өмірді оның барлық көріністерінде жақсы көретін өмір салтым, - дейді ол.

Ардақ  Оторбаев мектеп жасынан бастап техниканы жөндеумен айналыса бастады, ол әкесіне көлігін жөндеуге, мектепте сынған жиһазды қалпына келтіруге көмек беретін, кейін есейгенде автомеханикамен кәсіби түрде айналыса бастады.  

инк3.jpeg

Өзімнің арбамды жөндеу процесі мені елордамызда мүгедектер техникасын жөндеу бойынша қызметтер жоқ деген ойға алып келді. Осылайша, мүгедектер техникасына қызмет көрсету бойынша «Инва СТО» бірыңғай сервистік орталығын құру идеясы туды, онда біз арбаларды жөндеуден бастап жаңғыртуға дейін, жаңа конструкторлық шешімдер ойлап табуға дейінгі қызметтерді ұсынамыз. Бізде жалға беру қызметі де бар, - дейді конструктор. 

Идеяны іске асыру «Samruk Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры мен әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Әрекет» жобасының арқасында мүмкін болды. 2019 жылы Қоғамдық бірлестік Қордың грантын жеңіп алып, орталықтың материалдық-техникалық базасын нығайтып, арбадағы мүгедектердің жеке қажеттіліктері үшін мүгедектер арбаларын жаңғырту және оңалтудың қосымша құралдарын құру қызметтерін іске қосты. 

Әлеуметтік кәсіпкерлік - бұл табыс табу көзі емес, ол әлеуметтік мақсаттарға қол жеткізудің құралы болып табылатын әлеуметтік мақсаттар мен коммерциялық құрауыштың теңгерімі. Мысалы, біз мүгедек адамдарға арбаларды жөндеуге көмектесу арқылы мәселені шешеміз. Сонымен қатар, біз жобамызға ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жұмысқа орналастырдық, яғни жұмыссыздық мәселесін шешіп қана қоймай, осындай адамдардың қоғамда әлеуметтенуіне көмектесеміз, - дейді Ардақ Оторбаев.

инк1.jpeg

Оның айтуынша, алынған табыс әлеуметтік мәселелерді шешуге, мысалы, мұқтаждарға арналған мүгедектер арбаларын өтеусіз жөндеуге, халықтың осал топтарына материалдық көмек көрсетуге, ерекше балаларға арналған шеберлік сабақтарына, мүгедектігі бар адамдар үшін Нұр-Сұлтанның көрікті жерлері бойынша экскурсиялар ұйымдастыруға бағытталады.



Өзгелердің жаңалығы