Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалалық №2 көпбейінді ауруханада 13 адам ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге сүйенсек, олардың төртеуінің жағдайы ауыр (жан сақтау бөлімінде), тоғызының жағдайы орташа деп бағалануда.Қалалық №1 ауруханада апат салдарынан зардап шеккен тағы да бір әйел емделуде. Оның жағдайына да орташа деген баға беріліп отыр.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін таңертең Нұр-Сұлтандағы Қабанбай батыр даңғылында үш автобус пен жеңіл автокөліктердің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды.
Сонымен қатар, зардап шеккендердің арасында 1983 жылы туған Филиппин азаматшасы бар. Оның жағдайы орташа ауыр. Алдын ала диагнозы – кеуде қуысының жарақаты, жамбастың сынуы.
Жан түршігерлік жол апатының салдарынан 27 адам зардап шегіп, екі адам қаза тапты.