Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада 21 мамыр күні веломаусымның ашылуына және балалар жылына орай жаппай веложарыс өтеді. Оған қатысуға қаланың барлық тұрғындары мен қонақтары шақырылады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Бұқаралық велошеруге қатысушылар Қабанбай батыр даңғылынан бастап, мемлекеттік рәміздер алаңын кесіп өтіп, «Астана Арена» стадионы жанындағы көлік тұрағында мәреге жетеді. Олар бас-аяғы бес шақырымды еңсеруі керек.
Велоспортшыларды тіркеу сағат 08:00-де басталады, ал басталуы – сағат 09:00-де.
Ұйымдастырушылар велошеру спорттық жарыс емес екенін айрықша айтып өтті. Сол сияқты тіркелген қатысушылар арасында лотерея өтіп, бағалы сыйлықтар ойнатылады.
Балалар жылы мен веломаусымның ашылуына орай ұйымдастырылған жаппай веложарыс Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді.
Осыған байланысты Қабанбай батыр даңғылында ҚР Мемлекеттік рәміздері алаңынан «Астана Арена» стадионына дейінгі аралық сағат 09:00-ден 10:00-ге дейін жабылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, түсіністікпен қарауды сұраймыз.