Нұр-Сұлтанда ұрлық жасады деген күдікпен «бірге тұратын» жұп ұсталды

17 Мамыр 2022, 12:55
1344
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда ұрлық жасады деген күдікпен «бірге тұратын» жұп ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полицияға елорда тұрғынынан белгісіз біреу оның ұлының кіреберісте тұрған скутерін жасырын ұрлап кеткені туралы арыз түсті,-деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының  полиция департаментінің  баспасөз қызметі.

«Алматы» ауданының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде елорданың 32 жастағы тұрғынын өзінің 26 жастағы серігімен ұстады.

Анықталғанындай, жас қыз бірге тұратын жұбына скутерді қайдан ұрлауға болатынын айтқан. Күндізгі уақытта күдікті Абылай хан даңғылындағы үйдің кіреберісінен құны 50 мың теңге тұратын балалар скутерін байқаған, содан қылмыстық ниетпен оны ұрлап әкеткен. Осыдан кейін мобильді қосымша арқылы таксиге қоңырау шалып, скутерді қайда жеткізу керектігін көрсеткен. 

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлігі «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Заттай дәлелдемелер алынды. Күдіктілер кінәсін мойындады. 

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті елорда тұрғындарын жеке заттарын қараусыз қалдырмауды ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы