Нұр-Сұлтанда террористік тұрғыдан осал нысандар тексерілуде

17 Қазан 2020, 11:10
1756
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда террористік тұрғыдан осал нысандар тексерілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полиция департаментінің қызметкерлері террористік тұрғыдан осал нысандарды тексеруді жалғастыруда. 

Жыл басынан бері 130-ға жуық нысан тексеріліп, кемшіліктерді жою үшін 40-тан астам ұйғарым енгізілді. 

Терроризмге қарсы қорғау талаптарын орындамайтын әртүрлі санаттағы 7 нысанның кәсіпорындары мен ұйымдарының иелерін ҚРӘҚБтК-нің 149-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. 

Мұндай талаптарға заманауи күзет жабдықтарымен жабдықтау, өткізу режимін қамтамасыз ету, күзет фирмаларының қызметкерлерімен профилактикалық және оқу іс-шараларын жүргізу жатады. 

Сондай-ақ, қызметкерлер бұрын анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізілген нысандарды қайта тексеруді жалғастыруда. 

Сонымен қатар құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Нұр-Сұлтан қалалық ПД қызметкерлері тұрақты негізде ТТО нысандар басшыларымен оқу-дәріс іс-шараларын өткізеді, сондай-ақ, террористік қауіп туындаған жағдайда олардың іс-әрекеттері бойынша жадынамалар табыс етілді.



Өзгелердің жаңалығы