Нұр-Сұлтанда субұрқақтар іске қосылды

2 Мамыр 2019, 11:10
2372
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда субұрқақтар іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астанада Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу аясында 46 субұрқақ кешені іске қосылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

 Олардың 10-ы  – Алматы, 2-і  –Байқоңыр, 23-і  – Есіл, 11-і  – Сарыарқа ауданында.

Субұрқақтар қала тұрғындары көптеп жиналатын танымал демалыс орындарында қосылды: Музыкалық субұрқақ Нұрсая ТК маңында, Нұржол желекжолында; Жетісу, «Арай 3» субұрқақтары «Арай-3» саябағында; «Каскад» субұрқағы ҚазМұнайГаз айналасындағы алаңда; субұрқақтардың каскадтары - Республика даңғылы - Омаров көшесінің қиылысында; «Дөңгелек және таға» субұрқағы «Ғашықтар» саябағында орналасқан. 

Өзгелердің жаңалығы