Нұр-Сұлтанда Student Energy Challenge жартылай финалы өтіп жатыр

23 Қыркүйек 2019, 11:18
2644
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда Student Energy Challenge жартылай финалы өтіп жатыр
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан,   BAQ.KZ тілшісі. Биыл конкурсқа еліміздің 15 өңірінен 27 жоғары оқу орнынан келген 70 команда қатысып жатыр. 

Бүгін жартылай финалға шыққан 9 команда қоршаған ортаға шығатын қалдықтарды азайту, қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату, цифрландыру, мұнай-газ саласындағы энергия үнемдеу және энергияның тиімділігін арттыру секілді тақырыптарға сай жоба әзірлеп келді.

ХІ KAZENERGY жастар форумы аясында өтіп жатқан конкурста 1-орын алған команда 10 мың АҚШ долларын, 2-орын алған 5 мың және 3-орын алған 3 мың АҚШ долларымен марапатталады.

эн2.JPG
Қазақ-британ техникалық университетінің Fam командасы көліктің доңғалағын кәдеге жарату идеясын ұсынды. 

"Біз қалдықтарды қайта өңдеу ретінде доңғалақтарды алдық. Командамыздағы Жазира Өмірхалықова, Шырын Жанатова, Нұржасын Мақсат және Мирас Темірбай болып, шиналарды қайта өңдеп, кәдеге жарату жобасын қолға алдық. Бір жыл бойы қайта зерттедік. Себебі бұл жоба біздің дипломдық жобамыз болған. Сол дипломдық жобамызды әрі қарай бүге-шүгесіне дейін зерттеп, идеямызды әрі қарай іске асыру үшіг КAZENERGY-ге ұсындық", - деп бөлісті Fam командасының капитаны Гауһар Жакеева.

"Біз осы конкурста жеңуді емес, біздің жобамызда назар аударғанын қалаймыз. Ұранымыз: "Profit People Planet" - планетадағы адамдардың табысы, кірісі. Қазір доңғалақты жарамай қалғаннан кейін өртейді, гаражда тұрады немесе жерге көмеді. Мемлекетіміз орын алмау үшін жағып жібереді. Бірақ одан атмосферадағы ауа бүлінеді. Себебі оларды жаққанда неше түрлі токсин газы бөлінеді. Ал оны жерге көміп тастаса, топырақ астындағы су құрамын бұзады. Бұл жер кейін пайдалануға жарамай қалады. Міне, біз дәстүрлі жолмен жүргіміз келмейді. Жаңа инновациялық, пайдалы әдісті ұсынамыз", - деді команда капитаны.

Гауһар шинаны  қайта өңдеп, кәдеге жаратудың зиянсыз жолын ұсынды.

эн3.jpeg

"Велосипедтерге арналған жол, спортзалдардағы төсеніш, аулалардағы жұмсақ төсеніш т.б. резиналардан құралған. Бірақ доңғалақтың құрамында тек резина  ғана емес, басқа түрлі элемент болғандықтан, оның адам денсаулығына зияны жоғын бөліп алып әзірлеу керек. Тағы резина асфальт-бетонда пайдалануға болады. Себебі  резина суға төзімді. Сонда жол сапасы артады. Бұл жолдар өңдеуге жараса, енді онда қайта пайдалануға да болады. Мысалға, доңғалақтың бетіндегі қорғаныс қабатын алмастырып, қайта пайдалануға болады. Жаңа доңғалақтан еш айырмашылығы болмайды. Үстесіне, арзан әрі зиянсыз қайта кәдеге жарайды", - деді қатысушы.

Біздің жобамыз мемлекетке керек. Инфрақұрылымды дамытып жатқан еліміз үшін нағыз керек жоба. Сондықтан мемлекетіміз - потенциал клиентіміз. Тағы айта кетейін, доңғалақтарды қайта өңдеу әдісі - біздің қалдықтарды өңдеу жүйеміздегі бір ғана мысал. Мұны қалдықты өңдеу мен қайта пайдалануда бірнеше салада пайдалануға болады. Осындай жүйені мысалға, қағазды қайта пайдалануда қолдануға болады", - деді Гауһар Жакеева.

Айтуынша, мұндай өңдеу көбіне дамыған елдерде пайдаланылады. Мысалға, АҚШ-та қоғамдық көліктердің доңғалақтары -  пайдаланылған доңғалақтар.

эн5.JPG

Конкурс энергетикалық проблемаларды шешудің инновациялық жобаларын ұсынатын студенттерді қолдауға арналған.

Бұдан бөлек конкурс Қазақстан студенттерінің кәсіби және тұлғалық потенциалын дамытуға ықпал етеді, сонымен өаьар ғылыми және кәсіби қызметке деген ықыласын арттыруға септігін тигізеді.

эн7.JPG

Өзгелердің жаңалығы