Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Сирия бойынша жоғары деңгейдегі 17-ші халықаралық кездесу өтіп жатыр. Маңызды келіссөзге кепілгер мемлекеттер – Ресей, Иран, Түркия елдерінің өкілдері қатысуда.
Биыл шілде айында Астана форматындағы Сирия бойынша 16-шы халықаралық кездесу өткен еді. Кездесу барысында келіссөздің кепілгер елдері Иран Ислам Республикасы, Ресей Федерациясы және Түркия Республикасының бірлескен мәлімдеме қабылдады.
Сонымен қатар араб елдеріндегі жағдай, халықаралық гуманитарлық ықпал ету, Женевадағы сириялық Конституциялық комитеттің жұмысын жаңғырту мәселелері талқыға түсті. Тұтқындарды алмасу, кепілге алынғандарды босату мен хабар-ошарсыз кеткендерді іздеу, сенімді нығайту іс-шаралары қарастырылған еді.