Нұр-Сұлтанда шетелдік жүргізуші полицейге пара беруге тырысқан

29 Шілде 2022, 18:45
1314
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда шетелдік жүргізуші полицейге пара беруге тырысқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қауіпсіз жол»  жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін Өзбекстан Республикасы азаматының басқаруымен «ВАЗ 2115» маркалы автокөлікті тоқтатты.

Әкімшілік жауапкершіліктен құтылуға тырысқан жүргізуші патрульдік полицейге 5 мың теңге ұсынған. 27 жастағы жүргізуші оның іс-әрекетінің заңсыздығы туралы ескертуге қарамастан, патрульдік көліктің салонына ақшаны қалдырған, содан кейін ұсталған. 

Тәртіп бұзушының заңсыз әрекеттері полицейдің қызметтік бейнетіркегішіне жазылып қалған. 

ҚР ҚК 367-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. 

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті лауазымды тұлғаға пара беру - қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын, яғни айыппұл түрінде немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыра отырып, мүлкін тәркілеп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру көзделгенін ескертеді, - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы