Нұр-Сұлтанда сенбілікке 1700-ден астам теміржолшы қатысты

<p> </p> <h4 align="center">Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;Елордада 18 қыркүйекте «Бірге – таза Қазақстан» акциясы аясында жалпықалалық экологиялық сенбілік өтті. Оған «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 1700-ден астам қызметкері қатысты.</h4>

 19 Қыркүйек 2021 2021, 17:07
19 Қыркүйек 2021 2021, 17:07
5312

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада 18 қыркүйекте «Бірге – таза Қазақстан» акциясы аясында жалпықалалық экологиялық сенбілік өтті. Оған «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 1700-ден астам қызметкері қатысты.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, тазалау жұмыстарына шыққан ең белсенді еңбек ұжымдарының бірі - Магистральдық желі дирекциясының қызметкерлері болды. Олар 500-ге жуық адамды жинады.      


Теміржолшылар қызметтік-техникалық ғимараттарға іргелес жатқан аумақтарды, вокзал маңындағы алаңдарды жөнге келтіріп, темір жолдың бөлу жолақтарын тазалады. Барлығы 10 тоннадан астам қоқыс жиналып, шығарылды.

Сонымен қатар сенбілік кезінде теміржолшылар ағаш отырғызды.



Наверх