Нұр-Сұлтанда отбасы институтын нығайту мәселелері талқыланды

12 Тамыз 2021, 16:38
7519
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда отбасы институтын нығайту мәселелері талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне отбасы институтын нығайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы тақырыбында онлайн-кеңес өтті. Қатысушылар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелерін талқылады деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жиынға ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы, Парламент Мәжілісінің депутаты Ләззат Рамазанова модераторлық етті. Өз сөзінде ол қоғам үшін аса маңызды заң жобасын ашық талқылаудың маңыздылығына тоқталып өтті.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне отбасы институтын нығайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланып отыр. Бұл отбасыларды өмірлік қиын жағдайдан құтқаруға және олардың қауіп-қатер аймағына енуіне жол бермеуге бағытталған. Бүгін біз отбасы институтын нығайту және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеу мәселелері жөніндегі ұсыныстарды тыңдау үшін кеңес өткізіп отырмыз, - деп атап өтті Ләззат Рамазанова.

Елорда әкімінің орынбасары Асхат Оралов өз кезегінде Нұр-Сұлтанда халықтың әлеуметтік осал топтарына қандай көмек пен қолдау көрсетілетіні туралы айтып берді. Халықтың әлеуметтік осал топтарының проблемаларын шешу үшін отбасы институтын дамытудың түрлі бағыттары бойынша 10 орталық жұмыс істейді. Олардың арасында «Жанұя», «Бақытты шаңырақ», «Алтын Шаңырақ Ұясы», «Жібек» және т.б. бар.

Отбасы және отбасылық құндылықтар статусын дамыту және нығайту, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша өз ұсыныстарын үкіметтік емес ұйымдардың, құқық қорғау, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ қоғам өкілдері мен дағдарыс орталықтарының басшылары білдірді.

Қатысушылар жаңа заңнамалық бастамаларды енгізу кезінде отбасылық құндылықтарды есепке алудың маңыздылығын, балаларды тәрбиелеуде әке рөлін арттыру қажет екенін атап өтті.

 


Өзгелердің жаңалығы