Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда крематорий салу жоспарланды. Бұл туралы бюджеттік бағдарлама жобасында көрсетілген.
Елордада биыл крематорий салынып, пайдалануға берілуі мүмкін. Жоба мақсаты - дәстүрлі жерлеуге қарастырылған мазар аумағын азайту.
Оның құрылысына 1 млрд 519 млн 285 мың теңге бөлінді.
Жоба туралы ақпарат 5 тамызда жарияланды. 19 тамызда қоғамдық талқылау аяқталады.