Нұр-Сұлтанда «Көрпе Fest» фестивалі өтті

23 Наурыз 2022, 23:34
1790
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда «Көрпе Fest» фестивалі өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Наурыз мейрамына орай «Көрпе Fest» фестивалі өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараға Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Руслан Сәкеев, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Берік Жәкенов, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Сәуле Нұрғожина қатысты.

Нұр-Сұлтанда «Көрпе Fest» фестивалі өтті

Фестивальде сөз сөйлеген вице-премьер әйелдердің қолөнерге деген қызығушылығына жоғары баға берді.

Аналар шешім қабылдаса бәрі орындалады. Аяқ-қолы сау адам жұмыс істегісі келмесе түрлі сылтау табады. Үнемі «жоқ» дейтін адамның қолынан ештеңе келмейді. Ылғи да жақсы нәрсені айту керек, оған сеніп, алға ұмтылу керек. Өзіне сенімді адам өзгелердің де, елдің де сеніміне ие болады. Жұмыс істейтін әрбір отбасы қашанда бақытты. Сіздер жасаған зат өзгелердің үйіне жылу әкеледі, – деді Ералы Тоғжанов.

Вице-премьер сондай-ақ Үкіметте халықтың табысын арттыру бойынша бағдарлама әзірленіп жатқанын хабарлады.

Нұр-Сұлтанда «Көрпе Fest» фестивалі өтті

Фестиваль аясында көпбалалы аналарға тігін және қолданбалы өнер бойынша тегін оқыту сабақтары өтті. Шеберлік сабақтарын ұлттық қолөнер бұйымдарын шығаратын этно-дизайнер, «Алтын Сапа» Президенттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Ырза Тұрсынзада өткізді.

Мастер-класс қатысушыларына қолданбалы өнердің негіздері мен құпиялары, өз бизнесін ашу тәсілдері, оны табыс табу үшін әлеуметтік желілерде жүргізу әдісі оқытылды.

Нұр-Сұлтанда «Көрпе Fest» фестивалі өтті

Фестиваль аясында атыраулық кәсіпкерлер атынан іс-шараға қатысқан жасөспірім қыздар мен аналарға 15 тігін машинасы сыйға тартылды. Сондай-ақ, елорданың Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы бірқатар қатысушыларға елорда әкімі Алтай Көлгіновтің атынан алғыс хаттар табыс етті.

Нұр-Сұлтанда «Көрпе Fest» фестивалі өтті

«Бақытты отбасы» жобасына 6 жастан 78 жасқа дейінгі нәзік жандылар қатыса алады. Өз кезегінде қатысушылар еліміздің табысты әйелдерімен бір қатарда болуға ұмтылуы тиіс, – деп атап өтті фестиваль ұйымдастырушылары.

Өзгелердің жаңалығы