Нұр-Сұлтанда қай жерлерде суға шомылуға рұқсат етілген?

8 Шілде 2021, 13:00
1226
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда қай жерлерде суға шомылуға рұқсат етілген?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қала әкімдігінің онлайн брифингінде Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Ратбек Демеуберген елорда аймағындағы суға түсуге рұқсат етілген жерлерді атады. 

Оның айтуынша, арнайы рұқсат етілген жерлерде ғана суға шомылу адамдардың қауіпсіздігі үшін аса маңызды.
Биыл Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қаулысы бойынша суға шомылуға рұқсат етілген 3 аумақ бар. Атап айтатын болсақ, «Орталық жағажай», «Три пескаря» және «Астаналық аула», - деді басқарма басшысы.
Ол елордалықтар мен қала қонақтарын тыйым салынған және жабдықталмаған жерлерде суға шомылмауға шақырды. 20̊ С-тан төмен температурадағы су да денсаулық пен өмірге қауіпті деп отыр. 

Сондай-ақ шомылуға тыйым салынған 20 учаске анықталған. Олардың 7-і Алматы ауданында, 4-і – Байқоңыр ауданында, 6-ы – Есіл ауданында және 3-і – Сарыарқа ауданында орналасқан көрінеді.

Сонымен бірге мәслихат шешімінің жобасы қарастырылуда. Ол бүгінгі таңда Әділет министрлігінде қаралып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы