Нұр-Сұлтанда газға қосылу үшін тиісті құжаттар тізімі 2 еседен аса қысқарады

24 Мамыр 2022, 20:45
1214
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда газға қосылу үшін тиісті құжаттар тізімі 2 еседен аса қысқарады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында газға қосылу үшін талап етілетін құжаттар тізімі екі есе қысқарғанын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Өздеріңіз білетіндей, көгілдір отын елорданың экологиясына да, қала тұрғындарының өміріне де оң әсерін тигізеді. Үйіне газ кіргізу үшін құжат жинау мәселесі бойынша бізге тұрғындар жүгініп жатады.

Осыған дейін газға қосылу үшін міндетті түрде құжаттың 8 түрі талап етіліп, іс бірнеше айға (6 айдан аса) созылып кететін. Енді осыған байланысты құжаттар тізімін қысқартуды жоспарлап отырмыз. Бұл шара Мемлекет басшысының «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы аясында қабылданады. Бұған дейін Энергетика, Ұлттық экономика министрліктерінің, «QazaqGaz» ҰК» АҚ және т.б. қатысуымен Үкіметте арнайы кеңес өтіп, газға қосылу бойынша құжаттар тізімін қысқарту мәселесін қарастырдық.

Нұр-Сұлтанда газға қосылу үшін тиісті құжаттар тізімі 2 еседен аса қысқарады

Өздеріңіз білетіндей, қаламызда Сарыарқа және Алматы аудандарын толықтай газдандырдық. Ол үшін 680 км-ден астам газ тарату желісі салынды, квартал ішіне желілер тартылды. 14 мың абонент газға қосылды, 6 мыңнан астам абонент техникалық шарттар алды, сол сияқты 3,5 мыңнан астам (25%-дан астам) үй газға қосылды. Осыған қатысты бірқатар жеңілдіктер қабылдадық: мұқтаж санаттағы тұрғындардың газға қосылуы үшін әлеуметтік көмек бөлінеді. Ал әлеуметтік көмек мөлшері 413 мың теңгеге дейін ұлғайды, қала тұрғындарының бәріне тегін түрде есептегіштер беріледі, сондай-ақ пайызсыз кредит беру бағдарламасы да бар.

Жазда Байқоңыр және Есіл аудандарында газ құбырын тарту жұмысын бастаймыз. Мәселен Ильинка (Үркер), Өндіріс, Пригородный, Телман елді мекендері, «Family Village», «Garden Village» шағын аудандары және т.б. Сол сияқты Шұбар шағын ауданында жобалау жұмысы жүріп жатыр. Есіл және Байқоңыр аудандарында алдымен жеткізуші газ құбырын, ал келесі жылы квартал ішіне желілер саламыз.

Нұр-Сұлтанда газға қосылу үшін тиісті құжаттар тізімі 2 еседен аса қысқарады

Сонымен қатар ЖЭО-1 және ЖЭО-2-де бас-аяғы 13 су жылыту қазандығы газға ауыстырылды. Ал ЖЭО-3 құрылысы қайта жанданды, құрылысы жүріп жатқан жаңа аудандарды жылумен қамтамасыз ету үшін 3 газ қазандығын жобалау жұмысы жүріп жатыр.

Қолға алынған шаруалардың бәрі қаланың экологиясын жақсарта түседі. Газдандыру жұмысы Мемлекет басшысының тікелей бақылауында», - деп жазды елорда әкімі.

Өзгелердің жаңалығы