Нұр-Сұлтанда ер адамды бейтаныс қыз тонап кеткен

1 Ақпан 2022, 20:43
1588
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда ер адамды бейтаныс қыз тонап кеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 32 жастағы ер адам полицияға хабарласып 1500 АҚШ доллары ұрланғаны жөнінде арызданған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Елордалық жәбірленушінің баяндауынша, бір күн бұрын ол түнгі уақытта достарымен караоке барға барған. Сол жерде жәбірленуші алкоголь ішіп бір қызбен танысқан. Таныстықтан кейін ер адам жаңа дос қызын бірге түнді өткізу үшін қонақ үйдегі нөмірге шақырған. Қонақ үйде бойжеткен ер адамның ұйықтап кетуін күтіп, содан кейін оның әмиянынан ақшалай қаражатын ұрлап белгісіз бағытқа қашып кеткен.   

Іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ұрлық жасағанын мойындаған 22 жастағы қызды ұстады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның елорда аумағында бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті азаматтарды қырағы болуды, бейтаныс адамдарға сенбеуді, бағалы заттар мен ақшалай қаражатты қараусыз қалдырмауды ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы