Нұр-Сұлтанда бүгінге дейін 9988 адамға екпе салынды

26 Наурыз 2021, 12:59
1688
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда бүгінге дейін 9988 адамға екпе салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында «Елордадағы эпидемиологиялық жағдай және медицина ұйымдарының КВИ-ға қарсы дайындығы» тақырыбында өткен онлайн брифинг барысында Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов мәлімдеді.

Халықты коронавирусқа қарсы вакциналау науқаны жалғасып жатыр. Бүгінге дейін 9988 адамға екпе салынды, оның ішінде 4650-і медицина қызметкерлері болса, 1799-ы педагогика мамандары. Екпе алғаннан кейін денсаулықта аса қатты өзгеріс болған жоқ. 36 алғашқы медициналық көмек көрсету ұйымының I және II компоненттеріне арналған екі вакцинация бөлмесі бар. Вакцина салынғаннан кейін науқастарды бақылауға арналған күту бөлмелері тұрақты режимде жұмыс істеп жатыр, - деді ол. 

Басқарма басшысының айтуынша, барлық емхананың вакцинаны сақтауға арналған тоңазытқыштар, қажетті құрылғылар, вакцинаны қоймадан екпе салу орнына таситын арнайы термоконтейнерлері бар. Вакциналар барлық санитарлық эпидемиологиялық талапқа сай сақталады.

Осы орайда қала тұрғындары мен қонақтарына санитарлық нормаларды мұқият сақтауын сұраймыз. Сонымен қатар вакцина салдырған азаматтар міндетті маска режимін ұмытпағаны жөн. Себебі екпе салдырғаннан кейін антиденелердің түзілуі біршама уақыт алады. Тиісінше осы уақыт аралығында денсаулықты барынша күткен абзал,  - деді ол.
Бұған дейін хабарлағанымыздай оқу жылы басталғалы елордада 92 мектеп карантинге жабылғаны анықталды.
Өзгелердің жаңалығы