Нұр-Сұлтанда блок-бекеттер қойылып, локдаун енгізіле ме?

29 Наурыз 2021, 19:34
1774
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда блок-бекеттер қойылып, локдаун енгізіле ме?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ-де өткен брифингте Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова елордада қандай жағдайда блок-бекет қойылып, локдаун енгізілетінін айтып берді.

Жағдайға байланысты қатаң шаралар қабылданып жатыр. Бүгінгі күні бізде бір апта ішінде сырқаттанудың қарқынды көрсеткіші 153,5-ті құрады. Локдаун - бұл өте маңызды мәселе. Сондай-ақ, ол жоғары деңгейде талқыланып, шешім қабылданатын мәселе. Локдаун тек медициналық стационарлардағы жағдай бойынша ғана емес, жұмыспен қамту бойынша да енгізіледі, - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның сөзінше, қазіргі таңда қалада блок-бекет қойылмайды.

Бүгінгі таңда қалада блок-бекеттерді қою мәселесі жоқ. Қабылданған шектеу шаралары өз нәтижесін береді деп үміттенеміз және эпидемиологиялық жағдайдың одан әрі дамуын қадағалайтын боламыз, - деп түсіндірді бас санитарлық дәрігер Сархат Бейсенова.

Еске сала кетейік, бүгін қаланың бас санитарлың дәрігерінің карантин талаптарын күшейтетін қаулысы жарияланды. Қаулы ертең күшіне енеді.

Өзгелердің жаңалығы