Нұр-Сұлтанда демалыс күндері қоғамдық көліктерге дезинфекция жасалады

7 Тамыз 2021, 22:05
4363
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда демалыс күндері қоғамдық көліктерге дезинфекция жасалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты алдағы сенбі және жексенбі күндері қоғамдық көлік жүрмейді деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес елордада сенбі және жексенбі күндері қоғамдық көлік жүрмейді. Бұл күндері автобустар дезинфекцияланады.

Автобустың іші мен сырты адам денсаулығына қауіпсіз арнайы дезинфекциялық ерітінділермен өңделеді. Дезинфекция жұмысы барысында жолаушылар жиі ұстайтын тұстарға ерекше назар аударылады.

Айта кету керек, автобустарды дезинфекциялау демалыс күндері ғана емес күнделікті жүргізіледі.

Жұмыс күндері қоғамдық көлік штаттық режимде жүреді, ал қарбалас уақытта автобустар саны артады.

Естеріңізге сала кетейік, қоғамдық көлікте маска режимін қатаң сақтау керек. Ал жолақысы қолма-қол ақшасыз, онлайн түрде жүзеге асырылады.

Айта кетейік, санитарлық дәрігердің карантинді қатайту туралы қаулысы ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамасы негізінде қабылданды.  

Өзгелердің жаңалығы