Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жарысқа 6-50 жас аралығындағы 80 спортшы қатысады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Ертең, 6 сәуірде сағат 10:00-де Паралимпиадалық жаттығу орталығында Қазақстанда алғаш рет «Бочча» паралимпиадалық спорт түрінен қалалық чемпионат өтеді», - деп мәлімдеді қалалық мәдениет және спорт басқармасында.Жарыста 6-50 жас аралығындағы 80 спортшы күш сынаспақ. Бочча – дәлділікке, боулинг, петанка және боулз сияқты доппен ойналатын ойын. Бұл спорт түрі алғаш рет 1984 жылы VII Паралимпиадалық ойындар бағдарламасына енгізілген. Бочча орталық жүйке жүйесі зақымдалудың ауыр түрлері кездесетін және омыртқа жарақатын алған ойыншылар арасында кеңінен таралған, ол денеге, ағзаға, көңіл күйге және сана-сезімге оң әсерін тигізеді.