Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сабақтан кейін еден жуып, сыныпты тазалап кетуге 7-11 сынып оқушылары мен олардың ата-аналары келіскен. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен апта сайынғы брифинг барысында №80 мектеп директоры Гүлмира Жарменова айтты.
Оқи отырыңыз:
Сонымен қатар, енді еліміздің мектептерінде әр тоқсанның басында бірінші сабақ «Адалдық білімі» жобасы аясында парасаттылыққа үйрететін сабақ ретінде үйретеді.
«Әр тоқсанның басында бірінші сабақ сынып сағаты ретінде өтеді. Соған Қоғамдық ұйымдардың, мониторингтік топтың, Агенттіктің өкілдері (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі – авт.) әр тоқсанда сынып сағатына бір рет қатысады. Сабақтың басында 20 минуттай қатысып, парасаттылық, адалдық туралы айтып береді. Балаларға мұғалімдердің сабақ өткені үйреншікті, ал басқа адам келіп сөйлессе, балалар оны басқаша қабылдайды. Сонда жылына 4 рет сабаққа қатысады», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің парасаттылық департаментінің басшысы Зауреш Батталова.