Нұр-Сұлтанда 3 мыңға тарта жас волонтерлікпен айналысады

19 Ақпан 2021, 19:10
1773
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда 3 мыңға тарта жас волонтерлікпен айналысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Астана жастары» еріктілері елдің дамуына септігін тигізетін түрлі мәдени-бұқаралық, әлеуметтік, экологиялық іс-шаралардың басы-қасында қызмет етіп келеді. «Астана жастары» «Волонтерлер мектебіне» қабылдау үшін жастарды тегін дайындайды.

Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

Нұр-Сұлтанда 3 мыңға тарта жас волонтерлікпен айналысады

«Волонтерлік мектеп» үш бағыт бойынша жүзеге асырылады: әлеуметтік волонтерлік, ТЖ волонтерлері және халықаралық іс-шаралар.

Қазіргі уақытта «Астана жастары» КММ-де 300 белсенді еріктіден құралған арнайы команда бар. Ал қала бойынша барлығы 3000-ға тарта волонтер тіркелген. Сол сияқты 25 волонтерлік ұйыммен ынтымақтастық жүргізілуде.

Волонтерлер жұмысы мынадай бағыттарға бөлінеді: спорттық, әлеуметтік, EVENT, ECО, ТЖ (жаңа бағыт).

«Астана жастары» қатарында волонтер болу үшін не істеу керек? 

Нұр-Сұлтанда 3 мыңға тарта жас волонтерлікпен айналысады

Бастысы төменде көрсетілген құжаттарыңыз болып, шарттарын орындауыңыз қажет:

* Жеке куәлік (паспорт, туу туралы куәлік);

* Сауалнама толтыру;

* Әңгімелесуден өту;

* Өтініш берушіге ұйымның сай келуін анықтау;

* Волонтер болу ниетіне деген сенімділік.

Волонтер болу туралы шешім қабылдасаңыз, төменде көрсетілген сілтемелерге өтіп, байланысқа шыға аласыз: www.astanajastary.kz, @astana_jastary
@astana_zhastary_volunteers

Өзгелердің жаңалығы