Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда 9 наурыздан 10-ына қараған түні 26 244 текше метр қар шығарылды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Бүгін 10 наурызда қар күреу жұмысына 1800-ге жуық арнайы техника мен 2000-ға жуық жол жұмысшы жұмылдырылды.
Айта кетейік, бірінші кезекте, ереже бойынша, жолдарда кептеліс болмауы үшін қозғалысы өте қарқынды учаскелер тазаланады. Одан әрі орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар және т.б. орындар тазартылады.
Жиналған қар елорданың барлық ауданында орналасқан 11 полигонға шығарылады. Қалада қар күреу 24/7 режимінде жүргізіледі. Полигондарда бақылау үшін фото және бейнекамералар орнатылған.