Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жексенбі күні, 13 желтоқсанда қоғамдық көліктің жұмысы бір күнге тоқтатылады. Бұл күні дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.
Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қоғамдық көлік жұмыс күндері және сенбі күндері сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін жүреді. Дүйсенбі, 14 желтоқсаннан бастап бағдарлар қалыпты кестесіне сәйкес қатынайды, - делінген CTS баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қала тұрғындарын санитарлық нормаларды сақтауды және автобустарға бетпердесіз кірмеуді сұрайды. Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді.