Нұр-Сұлтан-Петропавл тас жолында көлік аударылып, бір бала зардап шекті

7 Шілде 2021, 11:02
2553
Бөлісу:
Нұр-Сұлтан-Петропавл тас жолында көлік аударылып, бір бала зардап шекті
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жол апаты 6 шілдеде 194 шақырым автожолда автокөліктің дөңгелегі жарылып, жүргізуші рөлге ие бола алмай қалып, жол апаты болды.

Облыстық ПД мәліметінше, Toyota RAV4 көлігінде 48 жастағы елордалық болған. 

9 жастағы қыздың жақ сүйегі жарақаттанып, ауруханаға жатқызылды, 48 жастағы әйел кеуде тұсы жарақаттанған, - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігі («Көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы») бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Жолаушылар жүргізушіге қатысты шағымданудан бас тартты.



Өзгелердің жаңалығы