Синоптик Нұр-Сұлтан қаласының бір аптаға болжанған ауа райын ұсынды

27 Қаңтар 2020, 15:44
2985
Бөлісу:
Синоптик Нұр-Сұлтан қаласының бір аптаға болжанған ауа райын ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорда әкімдігінің баспасөз орталығында “Казгидромет" РМК ауа райын қысқы мерзімге болжау басқармасының басшысы Алуа Саханова бір аптаға болжанған ауа райын айтты.

Алдағы күндері, 29-30 қаңтарда солтүстік-батыс антициклон болады деп күтілуде. Соған байланысты жауын-шашын тоқтайды. Ауа температурасы қаңтардың басындағыдай болады. Түнде солтүстікте, шығыста және орталықта 20-30 градус көлемінде болмақ, - дейді Алуа Саханова.

Бірақ температураның былай төмендеуі ұзаққа созылмайды.

Сонымен, Нұр-Сұлтан қаласының 27 қаңтар - 2ақпанға болжанған ауа райы келесідей болады:

27 қаңтар: күн бұлтты, қар бұрқасын. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен 15-20 жел соғады, екпіні 28 м/с. Күндізгі және түнгі температура - 4-5 °C;

28 қаңтар: күн бұлтты, қар бұрқасын. Оңтүстік-батыстан 9-14 жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с, ауа температурасы түнде 18-20 күндіз- 8-10 °C;

29 қаңтар: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 9-13 м/с жел соғады. Түнде температура 23-25 °C, күндіз - 16-18 °C;

30 қаңтар: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Түнде температура 24-26 °C, күндіз - 15-17 °C;

31 қаңтар: көшпелі бұлт шығады, қар бұрқасын. Оңтүстік-батыстан 9-14 жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с, ауа-температурасы түнде 18-20 күндіз - 13-15 °C;

1 ақпан: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 9-14 жел соғады. Түнде температура 14-16 °C, күндіз - 10-12 °C;

2 ақпан: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 9-14 жел соғады. Түнде температура 12-14 °C, күндіз - 10-12 °C.

Айта кетейік, 27 қаңтарда Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығына байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді. Рейстер тоқтатылып, жолдар жабылды.

Өзгелердің жаңалығы