«Нұр-Сұлтан Барысы» анықталды

2 Мамыр 2021, 21:33
1691
Бөлісу:
«Нұр-Сұлтан Барысы» анықталды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне іріктеуі мақсатында «Нұр-Сұлтан Барысы» жарысы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Нұр-Сұлтан Барысы» анықталды

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына, Қ.Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орайластырылған шараға Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев және Қазақ күресі қауымдастығының бас директоры Абат Саматұлы қатысып, балуандарға сәттілік тіледі.

«Нұр-Сұлтан Барысы» анықталды

Қазақ күресінің даму тарихы тереңде жатыр. Кейінгі он жылда қазақ күресі Үкімет тарапынан жасалып жатқан қолдаудың арқасында қанатын кеңге жайып, халықаралық аренаға шығып үлгерді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Төл спортымыз – қазақ күресін олимпиялық ойындар деңгейіне дейін көтеруге күш салуымыз керек», – деген тапсырмасы аясында қарқынды жұмыс жүргізіліп, бүгінде ұлттық күресіміз әлемнің 50-60 мемлекетінде тамыр жайып, дамып отыр. Құрметті спортшылар, ұлттық спортымызды дәріптеп, әлемге әйгілі ететін өздеріңіз. «Қазақстан-Барысы» турнирі жолдамасына бүгін шын мықтылар ие болады деген сенімдемін. Осы жарыста бәріңізге сәттілік тілеймін. Жарқын жеңістер көп болғай!Егемен еліміздің елдігін айқындайтын төл спортымыз қазақ күресі жасай берсін! — деді Бақтияр Макен жарыс алдында.

«Нұр-Сұлтан Барысы» анықталды

Бабы келіскен 26 балуан бақ сынап, шілде айында елорадамыздың төрінде өтетін дүбірлі дода — «Қазақстан Барысы» туриниріне жолдаманы сарапқа салды. Тартысқа толы белдесулер нәтижесінде Олжас Шынкеев топ жарып, алтын белбеуді иеленді. Екінші орын Айбат Сейтенге бұйырса, үздік үштікті Нұрбек Досмұханбетов қорытындылады.

«Нұр-Сұлтан Барысы» анықталды

Жарыстың алтын және күміс жүлдесіне ие болған қос балуанымыз «Қазақстан Барысында» бас қаламыздың намысын қорғайтын болады.

«Нұр-Сұлтан Барысы» анықталды

Балуандарымыздың дайындық деңгейі жақсы. Нұр-Сұлтан қаласының іріктеу жарысына 26 балуан қатысты. Соның ішінде екі балуан «Қазақстан Барысына» қатысуға мүмкіндік алады. Балуандарымызға үміт артамыз, үздік үштіктен көрінеді деп сенемін, — деді жарыстың бас төрешісі Аян Ерназаров.

«Нұр-Сұлтан Барысы» анықталды

Қола жүлдеге ие болған Нұрбек Досмұханбетов те қарсыластарының белдесуіне жоғары баға берді.

«Нұр-Сұлтан Барысы» анықталды

Спортшылар жақсы дайындықта келген. Өздеріңіз көргендей қарсыласым да осал емес. Басты қарсыластарым — Айбат Сейтен, Олжас Шынкеев. Алда белдесулер бар, кім мықтыны әлі де анықтаймыз деп ойлаймын деді, — Нұрбек балуан.

«Нұр-Сұлтан Барысы» анықталды

Өзгелердің жаңалығы