Екі петропавлдық пневматикалық тапаншадан жарақат алды

30 Мамыр 2021, 04:36
1050
Бөлісу:
Екі петропавлдық пневматикалық тапаншадан жарақат алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екі петропавлдық пневматикалық тапаншадан жарақат алды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл қаласындағы емдеу мекемелерінің бірі полицейлерге 27 мамырға қараған түні пневматикалық қарудан жараланған екі тұрғын туралы хабарлады. Денесіне тиген оқты алғаннан кейін олар үйлеріне қайтарылған. Облыс орталығы полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері аталған факті бойынша тексеріс жүргізді.

Балық аулауға шыққанда өздерімен бірге алып шыққан, «Borner» газ балонды пневматикалық тапаншасын дұрыс пайдаланбаудың нәтижесінде қалалықтың жараланғаны белгілі болды. Оның сөзіне қарағанда, тапанша оқталмаған деп ойлаған.

7,5 джоульдан, калибрі 4,5 мм. аспайтын ұңғылық жылдамдығымен пневматикалық қаруы тіркеуге жатпайды, бірақ кез келген қаруды пайдаланған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтаған жөн, бұл жағдай соған дәлел. Ереже қарапайым: қаруды оқталған күйде ұстамау, оны адамға қарай бұрып, кезенбеу, егер ату қажет болмаса, сақсақты шүрпіде ұстамау. Полицейлердің тәжірибесінде қаруды дұрыс пайдаланбау салдары, ауыр жағдайға әкелген оқиға болған. Оқыс оқиғалардың алдын алу үшін полицейлер қару иелерін жиі тексереді, олардың сақталуына, тасымалдау мен пайдалануына бақылауды жүзеге асырады, – дейді СҚО полиция департаменті азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөлімінің бастығы Құрман Мусин.



Өзгелердің жаңалығы