Нұр-Сұлтан атауын өзгерту: қоғам талабын ескеру қажет – Дархан Қыдырәлі

3 Қыркүйек 2022, 12:47
3412
Бөлісу:
Нұр-Сұлтан атауын өзгерту: қоғам талабын ескеру қажет – Дархан Қыдырәлі
Фото: автордан

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Нұр-Сұлтан атауын өзгертуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Кеше естідік. Бұл мәселе қоғамда қызу талқыланып жатса, қоғамның талабы болса ол Парлементтің қолында деп ойлаймын. Бұл тақырып көтеріліп, заң шеңберінде жүзеге асады деп ойлаймын, - деді Үкімет кулуарында Дархан Қыдырәлі.

Жаңа министрдің айтуынша, кез келген мәселе заң үстемдігінің аясында жүзеге асуы керек.

Менің позициям қоғамның бір бөлшегі ретінде қоғамның талабын ескеру керек деп ойлаймын, - деді ақпарат министрі.

Өзгелердің жаңалығы