Елорда әкімі Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан атауын Астана деп өзгертуге қатысты көзқарасын білдірді, - деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Әкімнің айтуынша, биыл елорданың атын өзгертуге кететін шығын 2019 жылмен салыстырғанда әлдеқайда аз болады.
Біз 2019 жылдың бюджетін қарадық, ол кезде атауды өзгерту кезінде көп құжат айналымы қағаз жүзінде болатын. Қазір біз оның көп бөлігін, барлық дерлік құжаттарды онлайн форматында сақтаймыз, сондықтан шығындар әлдеқайда аз болады. 2019 жылы біз есептеген едік, шамамен 30 миллион теңге жұмсалған еді. Бұл қаржылар маңдайшалар мен бланкілерге кетті. Енді мәслихат мұндай шешім қабылдаса, біз бір күнде бәрін өзгерте қоймайыз, - деп жауап берді Көлгінов Бейбітшілік пен келісім саябағындағы ағаш отырғызу рәсімінде.
Журналистер әкімнен қала атын қайтару туралы жеке ойын сұрады.
Қаланың тарихына үңілу керек. Қаламыз Целиноград, Ақмола, Астана, Нұр-Сұлтан деп аталып келді, ал қазір атауы керісінше өзгермек. Қала атауына құрметпен қарау керек деп ойлаймын. Біреулер өмірге келеді, өседі дегендей. Менің балаларым Астанада дүниеге келген, қазір мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімімін, сондықтан әр кезеңге үлкен құрметпен қарау керек. Біз үшін ең бастысы – пікір. Ұсыныс жарияланды, қазір барлығы талқылап, рәсімдер жүргізіліп жатыр,- деп жауап берді Алтай Көлгінов.