Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов өзінің орынбасары Бақтияр Мәкенді қоластындағы қызметкердің сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін жазалады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен отставкаға кету туралы өтініш берген.
Хабарламада әкімнің орынбасары тағайындалғаннан бері елеулі жұмыс атқарғаны және жетекшілік ететін бірнеше саладағы негізгі индикаторлар жақсарғаны айтылады: үш ауысымдағы мектептер саны екі есеге – 8-ден 4-ке дейін, тығыздалған режиммен 22-ден 14-ке дейін қысқартылған.
Пандемия кезінде қысқа мерзімде жедел штаб құрылды. 43 мыңнан аса адам әлеуметтік көмек алды. Аз қамтылған азаматтарды қолдау үшін бірқатар әлеуметтік орталық ашылды, онда олар «бір терезе» қағидаты бойынша көмек ала алады, сондай-ақ қосымша білім алып, кейіннен жұмысқа орналаса алады. Бұдан басқа, ПТР-зертханалардың саны 1-ден 23-ке дейін ұлғайтылды, ПТР-тестілерді өңдеу уақыты 4-5 күннен 4 сағатқа дейін қысқартылды. Сондай-ақ, жұмысты құру және еріктілерді қолдау және т. б. бойынша елеулі жұмыс жүргізілді. Әлеуметтік салада жүргізіліп жатқан жұмыстардың жоғары тиімділігі мен нәтижелілігін, сондай-ақ қылмыстық іске қатыспауын ескере отырып, Бақтияр Мәкеннің отставкасы қабылданған жоқ. Алайда оған қатаң сөгіс жарияланды, - делінген хабарламада.
Басты жаңалықтар
- Мұқаба
- Жаңалықтар
Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары жазаланды
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Венгрияда «Спутник V» вакцинасы салына бастады
Өзгелердің жаңалығы
-
1Ата-анасыз неке қиюға бола ма? - Нұрлан имам жауап берді9402Шаңды дауыл, жаңбыр: бүгін елімізде ауа райы қандай болады6863Президент кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлын жеңісімен құттықтады6274Қытайда аниматор қыз алып балыққа жем бола жаздады5865Қарағандыда аулада самокат теуіп жүрген екі жасар баланы көлік қағып кетті568