Nur Otan партиясының жұмыс тобы Ақтөбе облысына барды

25 Қаңтар 2021, 20:35
1148
Бөлісу:
 Nur Otan партиясының жұмыс тобы Ақтөбе облысына барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Nur Otan партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің жұмыс тобы қызмет бабымен Ақтөбе облысына барды.

Екі күндік бағдарлама барысында топ мүшелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және партияның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасын» орындалу жұмыстарының нәтижелерін зерттеуді жоспарлап отыр.

Дүйсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин жұмыс тобының басшысы, Nur Otan партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің мүшесі Талғат Нәрікбаевпен кездесті. Жүздесу кезінде антикоррупциялық саясаттың негізгі бағыттары талқыланды. Оңдасын Оразалин қаржыландыруды арттырудың арқасында облыста халықтың әл-ауқатын көтеріп, ақтөбеліктердің тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған ауқымды жобалардың жүзеге асырылғанын атап өтті.

Президент тапсырмасы аясында біздің облысқа маңызды мемлекеттік жобаларды жүзеге асыруға қаражат бөлінді. Атап айтқанда, біз «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша жол, тұрғын үй, әлеуметтік салалардағы ауқымды жобаларды жүзеге асырып, жедел шешуді қажет ететін проблемаларды күн тәртібінен ала алдық. Оң нәтижелерді көріп отырмыз, алдымен тұрғындадың көзқарасы өзгеруде. Барлық бағыттардағы жұмыстарды күшейткіміз келеді,- деді облыс әкімі.
Сондай-ақ, Nur Otan партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес тобының басшысы Талғат Нәрікбаев сыбайлас жемқорлықты жою бойынша көптеген жұмыстар атқарылып жатқанын айтты. 
Біздің басты міндетіміз – өңірдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қандай шаралар қабылдап жатқанын, қандай сұрақтардың өзекті болып отырғанын көру. Біздің топ барлық бағытттар бойынша жұмыс жасап, аудандарға шығады, жұртшылықпен, тұрғындармен кездеседі. Nur Otan партиясы сыбайлас жемқорлықты жою, қазіргі қоғамның осы жағымсыз құбылысына қарсы тұру бойынша көптеген жұмыстарды жүргізуде, - деді Nur Otan партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес тобының басшысы Талғат Нәрікбаев.

Өзгелердің жаңалығы