Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы партияның бүгін кезектен тыс өткен XXI съезінде белгілі болды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты «Nur Otan» партиясының Төрағасы етіп сайлау туралы ұсыныс енгізді, - деп хабарлады жазды Ақорданың Twitter-дегі парақшасы.
Бекітілген күн тәртібіне сәйкес келесі үш мәселе:
1. Партияның Төрағасын сайлау туралы;
2. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
3. Саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізу туралы қаралады.