Нұр-Астана мешітінің атауы әл-Фараби болып өзгерді

17 Қараша 2021, 22:33
1742
Бөлісу:
Нұр-Астана мешітінің атауы әл-Фараби болып өзгерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласындағы Нұр-Астана мешіті ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби есімімен аталады. Қызметкерлер мешіт атауының тақтайшаларын ауыстырды, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

Нұр-Сұлтан қаласындағы 15 жылдық тарихы бар «Нұр Астана» мешітінің атауын өзгерту туралы ұсынысты Ғұламалар кеңесі берген болатын. Бұл ұсыныс Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезектен тыс төралқа мәжілісінде талқыланып, ҚМДБ бөлім басшылары, облыс имамдары мен Орталық аппарат қызметкерлері мешіт атауының өзгеруін қолдап, дауыс берді. Нәтижесінде мешіт ендігі таңда ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби есімімен аталады.

2005 жылдың 2 наурызында ашылған мешіт астанадағы Есіл ауданында орналасқан. 

Мешіт Катар мемлекетінің Әмірі шейх Хамад бин Халифа әл-Сәнидың қайтарымсыз сый ретінде бөлген қаржысына тұрғызылған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы