Новороссийскідегі дрон шабуылы Қазақстан мұнай экспортына әсер етті ме?
Новороссийскідегі дрон шабуылы Қазақстан мұнай экспортына әсер етті ме?
Новороссийск қаласында дрондардың шабуылы салдарынан сегіз адам зардап шекті. Ал Қазақстанның Энергетика министрлігі бұл оқиғаның мұнай экспортына әсер етпегенін мәлімдеді.
Новороссийскіде ауқымды дрон шабуылы болды. Жергілікті биліктің мәліметінше, барлық зардап шеккендер медициналық мекемелерге жеткізілген. БАҚ-тың хабарлауынша, шабуылдың ықтимал нысандарының бірі Новороссийск портында орналасқан «Шесхарис» мұнай құю терминалы болуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Аталған терминал Ресейдің оңтүстігіндегі мұнайды тиеп-жөнелтетін негізгі нысандардың бірі саналады. Порт арқылы қазақстандық мұнайдың бір бөлігі өтеді, дегенмен экспорттың негізгі көлемі Каспий құбыр консорциумының терминалы арқылы жүзеге асырылады.
Фото: видеодан алынған кадр
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі жағдайды бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі 5 сәуірде Новороссийск портында болған оқиғаға байланысты жағдайды тұрақты бақылауда ұстап отыр. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, бұл оқиғалар қазақстандық мұнай экспортының көлеміне әсер еткен жоқ. Қазіргі таңда магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы қазақстандық шикізатты қабылдау және тасымалдау қалыпты жұмыс режимінде жүргізілуде. Экспорттық жоспарлар кестеге сәйкес орындалуда, – деп хабарлады министр кеңесшісі.
Еске салсақ, сарапшы, Қазақстан мұнай сервистік компаниялары одағының төрағасы Рашид Жақсылықов OPEC+ шешімін түсіндірді. Сөзінше, инвестиция мен шикізатқа ғана сүйену дұрыс емес.
"Теңізшевройл" компаниясының бас директоры Уильям Лакоби мәлімдеуінше, компания соңғы 30 жылдан астам уақытта өндірісті бірнеше есеге арттырған. 1993 жылы 1 млн тонна болған мұнай өндіру көлемі 2025 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 39 млн тоннаға жеткен.