Нотариустардың жұмыс істеу жүйесі қалай өзгереді?

20 Сәуір 2021, 12:55
2735
Бөлісу:
Нотариустардың жұмыс істеу жүйесі қалай өзгереді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да нотариат және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы реформалар бойынша өткен брифингте айтты.

Нотариусқа қағаз жеткізгіштегі құжат ұсынылады. Нотариус оның электрондық түрдегі бейнесін жасайды және олардың теңділігін растайды, яғни бұл екі құжат мәтіндерінің ұқсастығын растайды. Нәтижесінде бастапқы және туынды құжаттардың тең заңдық күші белгіленеді. Нотариус электронды түрде келіп түскен құжатты қағазға түсіріп, оның бірдейлігін куәландырады. Сонымен қатар электронды құжатты жасатқан тұлғаның қолы тексеруден өткені туралы көрсетеді, - деді Әсел Жанәбілова.

Ол атағандай, мысалы, кімде кімге сенімхатты бір қаладан екінші қалаға жеткізу қажет.

Тұлға сенімхатты куәландыру үшін нотариусқа жүгінеді. Нотариус сенімхатты электронды түрде жасайды және онымен жасалған сенімхаттың мазмұнының барабарлығының қағаз нұсқасын электронды түрде растайды. Нотариус басқа қалада кері рәсімін жасайды. Аталмыш нотариаттық іс-әрекеттің артықшылықтары айқын. Бұл – сенімділік, үнемділік, жеделдік. Аталған өзгертулер блогы «сандық айналым» үшін сенімді құқықтық құрал құруға, электронды түрде қауіпсіз мәмілелерді қорғалған және кедергісіз ортада жасауға мүмкіндік береді, - деді ол.

Жанәбілова айтқандай, осындай құралдардың тиімді жұмыс жасауының кепілі болып қазіргі сандық технологиялар дәуірінде азаматтардың құқықтары мен меншіктерін қорғауды жалғастырып келе жатқан нотариус болып саналады.

Бүгінгі нотариаттың үлгісі, бұл белсенді нотариаттың кейіпі. Оның шеңберінде азаматтық айналымдағы барлық қызығушылық танытқан қатысушыларға кешенді заң көмегін көрсету мақсаты қойылады. Алайда жоғарыда аталған қағидалар заңмен кейінге қалдырылатын сипаты бар. Сонымен орталықтандырылған электронды репозитория жүйесі мен нотариустың электронды архивін құру 2022 жылдың 1 қаңтарынан жүзеге асады, - деді ол.

Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы атағандай, қарастырылып отырған қалған өзгертулер блогының қағидалары биылғы 1 шілдеден бастап енеді.

Бұндай кейінге шегеру амалдары БНАЖ жүйесінде белгілі жаңарту жұмыстарын жүргізу үшін, сондай-ақ қажетті заңға тәуелді актілерді даярлап, қабылдау үшін қажет. Заңмен Республикалық нотариаттық палатаның органдары жете реттелген. Нотариат қызметінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында Республикалық нотариаттық палата мен аумақтық нотариаттық палатлардың жеке сайттарында қандай ақпарат орналастырылу қажет екендігі анықталған. Мысалы, нотариаттық қызметпен айналасып жүрген нотариустардың тізімі, Республикалық және аумақтық нотариаттық палаталардың қаржы-шаруашылық қызметі туралы есептері, атқарушы органдарының мүшелері туралы ақпараттар, тәртіптік комиссиялардың қызметі туралы жалпылаулар, іс-шаралар мен басқа да ақпараттар, - деді ол.

Оның айтуынша, заңмен республикалық деңгейде аумақтық нотариаттық палаталардың тәртіптік комиссиялары шығарған шешімдеріне арыздарды қарастыратын Республикалық нотариаттық палатаның алқалы, сайланбалы орган - тәртіптік комиссияны құру бекітілді.

Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясы тәуелсіз орган болып табылады және тек Республикалық нотариаттық палатаның съезіне есеп беруге міндетті, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы