Нөсер жаңбыр және аптап ыстық: Ел аумағында ескерту жарияланды

Синоптиктер тұрғындарға ауа райының күрт өзгеруіне байланысты сақтық шараларын сақтап, дауылды ескертуге құлақ асуға кеңес береді.

 BAQ.KZ архиві 15 Шілде 2026, 03:11
15 Шілде 2026, 03:11
117
Фото: BAQ.KZ архиві

«Қазгидромет» РМК бүгін, 15 шілдеге арналған дауылды ескерту жариялады. Елдің көптеген өңірінде нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ, қатты жел және шаңды дауыл болжанса, оңтүстік облыстарда аптап ыстық пен жоғары өрт қаупі сақталады.

Синоптиктердің мәліметінше, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Абай, Шығыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарының бірқатар аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсіп, желдің екпіні 15-28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Ақмола облысында шаңды дауыл күтіледі.

Қызылорда облысында күндіз шаңды дауыл соғып, ауа температурасы 40-42 градусқа дейін көтеріледі. Жамбыл облысында сынап бағаны 39-41 градус, Алматы облысында 35-38 градус, Шығыс Қазақстанда 35-36 градус, Қарағандыда 35 градус, Семейде 35-37 градус ыстық болады.

Сондай-ақ Түркістан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Абай, Жамбыл, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Маңғыстау және басқа да өңірлерде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Синоптиктер тұрғындарға ауа райының күрт өзгеруіне байланысты сақтық шараларын сақтап, дауылды ескертуге құлақ асуға кеңес береді.

Наверх