Норвегияда еліміздің инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды

27 Маусым 2020, 18:01
1578
Бөлісу:
Норвегияда еліміздің инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Елшілігі ұйымдастырған бизнес-семинарға норвегиялық Иннландет провинциясының Лиллехаммер, Йовик, Хамар муниципалитеттеріндегі коммерциялық өнеркәсіп өкілдері қатысты.

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шара аясында жергілікті кәсіпкерлерге Қазақстанда бизнес жүргізу шарттары, "Астана" халықаралық қаржы орталығының қазіргі инвестициялық преференциялары мен артықшылықтары туралы ақпарат берілді. Елші Еркін Ахинжанов ауыл шаруашылығы, туризм мен спорт салалары, жаңартылатын энергия көздері, Қазақстанның транзиттік-көліктік әлеуеті жайында толығырақ айтып шықты.

Норвегиялық компаниялар - қар жинау жабдықтарын, сыртқы электронды аккумуляторларын өндірушілері, сондай-ақ туристік инфрақұрылым салу жөніндегі компания қазақстандық компаниялармен ынтымақтастыққа қызығушылық білдірді.

Өзара тиімді бағыттар бойынша диалогты жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді.

Өзгелердің жаңалығы