Норвегияда электрлі көлікке сұраныс артты

4 Қаңтар 2022, 19:48
1371
Бөлісу:
Норвегияда электрлі көлікке сұраныс артты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Норвегияда былтыр сатып алынған үш көліктің бірі электр-карлар. Бұл әлемдегі ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Әсіресе норвегиялықтар Teslaны көптеп алған. Америкалық компания жергілікті электромобиль нарығының 12 процентін иеленіп, немістің Volkswagen мен жапондардың «Тойота» көлігін басып озған. Жалпы былтыр бұл елде осы санаттағы 180 мың темір тұлпар сатылыпты. Сарапшылар 2025 жылдан бастап Норвегия жолдарында, тек электр-карлар мен сутегімен жүретін көліктер болады деп болжап отыр. 

Бұл Скандинавия елінде электр-карларға салық мүлде салынбайды. 

Менің ойымша келесі жылы электркарлардың үлесі жалпы сатылған көліктердің 75 процентін құрайтын шығар. Сондықтан 2025 жылы көліктерден тарайтын зиянды қалдықтар нөлдік деңгейге түседі деп ойлаймын, - дейді Nio Norway компаниясының басшысы Мариус Хейлер.

Өзгелердің жаңалығы