Нормативтік актілердегі шешімдерді азаматтар соттарда даулай алады – Нұрмұханов

1 Шілде 2022, 14:55
1171
Бөлісу:
Нормативтік актілердегі шешімдерді азаматтар соттарда даулай алады – Нұрмұханов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Конституциялық Кеңестің аппарат жетекшісі Бақыт Нұрмұханов ҚР президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Біздің мемлекетте азаматтардың даулай алмайтын қандай да бір мемлекеттік актелірдің немесе шешімдердің қатары жоқ болады. Өйткені былтыр әкімшілік әділет институты енгізілді. Қазір кез келген министрлік пен Үкіметтің, басқа орган шешімдерін сотта даулауға болады. Барлық нормативтік актілердегі шешімдерді азаматтар соттарда даулай алмайтын. Енді азаматтарға осындай құқық беріліп отыр, - деді Нұрмұханов. 

Ол атағандай, азаматтардың мұндай органдарға жүгінуінің шарттары бар. 

Шетелдік тәжірибеде ондай шарттар сол адамға немесе тұлғаға тікелей қолданылуы керек. Азаматтар айтылған сот сатыларынан өтуі керек. Бұл өтінім білдірген соң белгілі бір уақыт күтуі керек. Осындай шарттарды орындап барып, азаматтар сотқа өтініш білдіре алады, - деді Нұрмұханов.

Оның айтуынша, халықаралық тәжірибеде азаматтардың мұндай органдарға жүгінуінің бірнеше шарты бар:  заң сол азаматқа немесе заңды тұлғаға қатысты тікелей қолданылуы керек; азамат өзінің құқығын қорғаудың басқа институттарынан, атап айтқанда, сот сатыларынан өтуі керек және соңғы шешім қабылданғаннан кейін белгілі бір уақыт белгіленеді. Осы шарттарды сақтай отырып, азаматтар, өздерінің конституциялық құқықтарына нұқсан келеді деп тапса, онда конституциялық сотқа өз мәселесін шешу кезінде қолданылған заңның немесе өзге де нормативтік актінің конституциялық талаптарға сәйкестігін қарау туралы сұрау сала алады.

Өзгелердің жаңалығы