Ноғаев Теңіз жобасындағы жұмысшылардың өміріне қауіп жоқ екенін айтты

2 Шілде 2019, 21:03
1759
Бөлісу:
Ноғаев Теңіз жобасындағы жұмысшылардың өміріне қауіп жоқ екенін айтты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев "Chevron" компаниясының басшылығымен кездесті. Кездесуде тараптар 29 маусым күні "Теңіз" кен орнында болған тұрмыстық кикілжіңді талқылады, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бүгін Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев "Chevron" компаниясының Еуропа, Еуразия, Таяу Шығыстағы барлау мен өндіру жөніндегі президенті Тодд Левимен кездесті.

WhatsApp Image 2019-07-02 at 19.14.56.jpeg

Нұрлан Ноғаев қазір жағдай реттелгенін, Теңіз жобасындағы жұмысшылардың өмірлері мен денсаулықтарына қауіп жоқ екенін айтты.

Тодд Леви өз кезегінде "Chevron" компаниясының саясаты бойынша компанияның барлық қызметкеріне тең дәрежеде құрмет көрсетілетінін, құқықтары мен міндеттері бірдей екенін атап өтті.

"Осындай оқиғаның енді қайталанбауы үшін Теңіз жобасына тартылған барлық мердігер мекемелер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Жергілікті атқарушы органдарға, құқық қорғау органдарына жағдайды тез реттеуге атсалысқандары үшін ризашылық білдіремін. Алға қарай да өзара байланысымызды табысты жалғастыра беретінімізге сенеміз", - деді Тодд Леви.

WhatsApp Image 2019-07-02 at 19.14.57.jpeg

Бұған дейін хабарлағанымыздай, аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев инвесторлар еліміздің аумағында этикалық нормаларды сақтау керектігін айтты.

Өзгелердің жаңалығы