Ноғаев Маңғыстау тұрғындарына үндеу жолдады

9 Қаңтар 2022, 17:24
2178
Бөлісу:
Ноғаев Маңғыстау тұрғындарына үндеу жолдады

Нұр-сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев түсіністік танытып, сабырлылық көрсеткен маңғыстаулықтарға алғысын айтты. 

Өңір басшысының сөзінше, халықтың қолдауы арқасында қақтығыстар орын алған жоқ. 

Біз осы айналдырған 2-3 күннің ішінде арандату әрекеттерінің, әскери және азаматтық техникаларды басып алуға ұмтылғандардың болғанын жоққа шығармаймыз. Алайда қалың халықтың қолдауының арқасында, елдің түсіністігі арқасында біз қақтығыстарға, оқыс жағдайға жол берген жоқпыз. Мен халықпен бірге әлі де жағдайды тұрақтандыру бағытында бірлескен жұмыстар атқара береміз деп сенемін, - деді Нұрлан Ноғаев. 

Оның айтуынша, қазір өңірде жағдай тұрақты. Жол, теміржол қозғалыстары біртіндеп қалпына келіп жатыр. Тоқтала кететін жайт, Маңғыстау облысының тұрғындары төтенше жағдайға байланысты өздерін толғандыратын кез келген сұрақты 109 нөміріне қоңырау шалып, қоя алады. 

Қазір осы бағытта өңірде арнайы call-орталық жұмыс істеп тұр. Маңғыстау облысының комендатурасы қираған ғимараттардың көрінісі туралы видеолар таратты. Кадрларда өртелген көліктер көрсетілді. Жақында Ақтау полициясына алаңды тастап шығудан бас тартқан бес адам жеткізілді. Оларды жауапкершілікке тарту мәселесі қаралуда, - делінген телеарналар таратқан ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы