Нобель сыйлығының лауреаты қайтыс болды

26 Желтоқсан 2021, 18:22
1791
Бөлісу:
Нобель сыйлығының лауреаты қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1984 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты архиепископ Десмонд Туту Оңтүстік Африкада қайтыс болды, деп хабарлады Lenta.ru.

Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты архиепископ Десмонд Туту 91 жасында дүниеден өтті. Бұл туралы Оңтүстік Африка президентінің сайтында хабарланды.

Архиепископ Оңтүстік Африканың астанасы Кейптаун қаласында қайтыс болды. Туту бұл сыйлықты 1984 жылы «апартеидке қарсы күрестегі ерлігі мен қаһармандығы үшін» алған. Ол сонымен қатар Оңтүстік Африкадағы алғашқы қара епископ болды.

Оңтүстік Африка Республикасының президенті Сирил Рамафоса көңіл айтты. Ол Тутудың қайтыс болуы «біздің азат етілген Оңтүстік Африканы бізге мұра етіп қалдырған көрнекті оңтүстік африкалықтардың ұрпағымен қоштасудағы аза тұтудың тағы бір тарауы» деп мәлімдеді. Оңтүстік Африка басшысы архиепископты нағыз патриот және ерекше ақылды адам деп те атады.

Десмонд Туту 1931 жылы Клерксдорпта дүниеге келген. Ол үш балалы отбасында екінші бала, жалғыз ұл болды. Туту дәрігер болуды армандады, бірақ ұлының оқуына отбасының шамасы жетпеді. Ол теологияны 1960 жылы оқи бастады. Туту Оңтүстік Африка президенті және оңтүстік африкалық құқықтар мен бостандық үшін күрескер Нельсон Манделаның жақын досы болды.

Өзгелердің жаңалығы