Нобель фестиваліне 500 мыңнан астам адам қатысады

25 Қазан 2022, 16:23
1498
Бөлісу:
Нобель фестиваліне 500 мыңнан астам адам қатысады

26-28 қазан аралығында Астанада V Нобель фестивалі өтеді. Нобель фестивалі - ең ірі халықаралық коммерциялық емес технологиялық және ғылым-білім іс-шарасы, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Миссия Nobel Fest – жаһандық білім мен ғылымды әлемнің кез келген бұрышында қолжетімді ету. Фестивальге жыл сайын 14-тен астам Нобель сыйлығының лауреаттары, 14 «Серпіліс» сыйлығының иегерлері (ғылыми Оскар), әлемдік инноваторлар, 155 елден 500 университет және 500 мыңнан астам адам қатысады.

26 қазан күні фестиваль аясында «Астана-Ташкент» телекөпірі өтеді. Телекөпір барысында білім деңгейі жоғары және төмен елдердегі әлеуметтік-экономикалық айырмашылықтар, сондай-ақ дамушы елдердегі білім сапасын жақсарту мәселелерін талқылау жоспарлануда.

Бесінші Nobel Fest бір мезгілде қазақ, ағылшын, түрік, қытай, араб, өзбек және орыс тілдерінде 6 студияда - Әзірбайжан, Германия, Түркия, Пәкістан, Қытай, Өзбекстан және Қазақстанда өтеді.

Телекөпір жұмысына ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, 2017 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квонг Чунг, CEO Nobel Fest негізін қалаушы Мақсат Құрбенов, жастар агент агенттігінің (Өзбекстан) директоры Әлішер Саъдуллаев, COMSTECH, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының бас үйлестірушісі доктор Икбал Чоудхари,  Клаудия Наварро қатысады. 

Іс-шараға қатысу үшін елордаға 2007 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты, БҰҰ Бас хатшысының Климаттың өзгеруі жөніндегі кеңесшісі Рае Квон Чунг келеді.

Сонымен қатар, алдағы форумға Future Hub B SAP бас футуристі және басшысы Мартин Везовский; «Дүниежүзілік мұғалім» сыйлығының лауреаты Кейша Торп; COMSTECH бас үйлестірушісі М. Икбал Чоудхари; Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек; Indriver Бас директоры және негізін қалаушы Арсен Томский және басқалары қатысады.

«Нобель фестивалінің мақсаты - білім беруді барлығына қолжетімді ету. Бұл ауқымды іс-шара офлайн форматта өтеді. Белгілі спикерлер Астанада үш күн бойы лекция оқиды. Нобель сыйлығының лауреаты аясында тұңғыш рет Қазақстанда Климаттық экономика орталығының ашылуы маңызды оқиғалардың бірі болмақ. Орталық өз есігін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде ашады», - деді V Нобель фестивалі бағдарламасының жетекшісі Жұлдыз Адамзатова.

Айта кету керек, Nobel Fest аясында 31 қазан мен 4 қараша аралығында Нобель дәрістер апталығы ұйымдастырылады. Әлемнің түкпір түкпірінен келген Нобель сыйлығының лауреаттары және әлемдегі ең беделді марапаттардың иегерлері университеттер мен студенттер үшін дәріс оқиды

Дәрістер Nobel Fest бас серіктестері – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті мен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті үшін  арнайы ұйымдастырылады. 

Өзгелердің жаңалығы